Атырауда тұрғындар ұйқыға кеткен сәтте пәтер тонайтын ұрылар ұсталды


Пәтер тонаушылардың үлкені он тоғызда, кішісі 14 жаста. Осы ең кішісі үйі бола тұра, қаңғыбастыққа салынған. Қазір ұсталғандарға 10 пәтерді тонады деген айып тағылып отыр. Сондай-ақ басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоқтығы қазір тексерілуде. Бұлардан өзге, тек қымбат спорттық велосипедтерді ұрлаумен айналысқан тағы бір топ ұсталған. 30, 29, 23 жастағы үшеу түнде велосипедтерді ұрлап, кейін қала базарларына арзан бағаға өткізіп отырыпты. Бұлардан екі велосипед сатып алған шымкенттік азамат оларды ауылына салып жіберген. Қолды болған заттардың барлығы енді иелеріне қайтарылатын болды.