Атырауда тұрғынүйде газ жарылып, ерлі-зайыптылар мен 2 жасар қызы опат болды

Қайтыс болғандар Атырауға күн көріс мақсатымен келген Өзбекстан азаматтары екен. Жас отбасы мына баспананы жалдап тұрыпты. 9-шы қазан күні Жайықтың оң жағалауындағы үйлерге көгілдір отын беру уақытша тоқтатылған. Сол кезде пәтердегі газ ашық қалса керек. Таң алдында қайта қосылған кезде, жойқын жарылыс болған. Ал істін мән-жайын анықтауға кіріскен мамандар сарайға газ желісі заңсыз түрде тартылуы мүмкін деп отыр.


Нұраддин Өтежанов, оқиға куәгері:

- Таңертең 7- де жұмысқа шығып тұрганда жарылыс болды. Гүрс етіп, содан қай жақтан жарылыс шықты екен деп қарадым, өзім машинамен жүргем.  Сөйтсем сарай жермен-жексен болып жатыр екен. Сосын сол арада жедел жәрдемге, өрт сөндірушілерге звондадық.