Оқиға кешкі сағат алтылар шамасында болған. Мына баспанаға жай түскенде төбесін ойып жіберген. Екінші қабат зақымдалып, үйдегі тұрмыстық техника, дүние-мүлік түгел жарамсыз болып қалған. Бұл – Атырауда маусым басталғалы бері болып отырған екінші жағдай. Айдың басында да найзағай бір үйге түсіп, оның шатыры мен екінші қабаты өртенген еді. Бұл жолы да тұрғындар материалдық шығын көріп отыр.
-Найзағай шифрдың үстіне түсіп содан лап етіп жанды. Үйде ауыратын кісі бар еді қорқып кеттік.
Loading...