«1965 жылы туған Ұлыбритания азаматы «Атырау-Болашақ» компаниясында менеджер болып жұмыс істеген. Ол жатақханада көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша, бұл азамат жүрегі талмасынан ажал құшқан», - деп хабарлады «Атырау-Болашақ» компаниясынан.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша шетелдіктің өліміне не себеп болғаны анықталады.