Атырауда үш аптада 7 егіз дүниеге келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-26 тамыз аралығында облыстық перинаталдық орталықта 7 егіз сәби жарық дүниеге келген.

«Егіздердің 6-ауы – ұл, 8-і – қыз. Қазір нәрестелердің барлығының денсаулық жағдайы жақсы. Дәрігерлердің бақылауына алынды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда былтырғы маусымнан бері
12 мыңнан
астам нәресте өмірге келгенін жазған едік.