Атырауда үш бағыт бойынша автобус билетінің құны 50 теңгеден 100 теңгеге көтерілді

«Бұл шеттегі Нұрсая шағынауданын Дина базарымен, Балықшы шағынауданын темір жол вокзалымен және Авангардты Тұрғын үй қалашығымен байланыстыратын экспресс-автобустар. Олар жедел жүретін қоғамдық көліктер болады. Егер бұрын шеттегі бір аялдамадан соңғы аялдамаға жету үшін жолаушы автобуспен бір жарым сағаттай жүрсе, енді бұл уақыт шамамен екі есеге қысқарады. Қазір қоғамдық көлікте жүру құнын өсіру мәселесі қаралып жатыр. Әзірге шешім қабылданбады», деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.


Еске сала кетейік, атыраулық тасымалдаушылар қала ішінде жүру билетінің құнын 50 теңгеден 80 теңгеге дейін қымбаттатуды ұсынған.