Атырауда заңсыз ойынхана ашқан ресейлік сотталды

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлайды.

«Былтыр күзде қаланың ортасындағы жасырын ойынхананың жұмысы тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеу барысында заңсыз құмар ойыны бизнесін ұйымдастырған Ресей азаматы В. Гайтанжи екендігі анықталды. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, шартты түрде 4 жылға сотталды», - деп хабарлады Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, астыртын ойынхана жабылған сәтте сол ғимараттан 68 мың доллар, 18 млн теңге, 360 мың Ресей рублі, сондай-ақ ойынға арналған жабдықтар мен фишкалар тәркіленді.