Дүкен қыз-келіншектерге арналса да, ашылуына еркек кіндіктілер көбірек жиналды. Тұрғындардың наразылығынан кейін, ер азаматтардың есін алған екі қызды полицейлер іздеп тапты. Екеуі де Маңғыстау облысының тумасы, жастары – 20-да екен. Айтуларынша, осындай жарнамалық акцияларға үнемі қатысып, нәпақаларын табады. Атырауға дүкен иесінің арнайы өтініші бойынша бір ай бұрын келіпті. Ал оларды жалдаған кәсіпкерге жаза қолданылмайтын болды.
Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:
-Қыздарға қатысты ұсақ бұзақылық бойынша хаттама толтырылды. Мұндай қылықтары үшін 10 АЕК айыппұл салынады немесе 10 тәулікке дейін қамауға алынады.Материадар сотқа жолданды.
Loading...