Атырауда жалақы көрмеген жұмысшылар шу шығарды

Нұрболат Мұхамбетов, жүргізуші-экспедитор:

Оклад , бонуспен 90-95 мың теңгедей алып жүрдім. Айдың басында отгулға шықтым. Кеше 10-да жалақы алғанда отгулдағы 1 аптамды қиып тастапты. 57 мың ақша алдым. Қалған ақшам жоқ. Адам басында 2-3 кредит бар ғой. Жетпейді. Қалай істейміз?

Жұмысшылардың айтуынша, жуырда тағайындалған жаңа басшы еңбек заңдылықтарын аяққа таптап, өзі ойлап тапқан талаптарды таңа бастаған. Мереке мен демалыс күндері істеген жұмыстың ақысын төлеуден бас тартып, тіпті емделуге кеткен қызметкердің орнына ешкіммен санаспай жаңа жұмысшы алып отырыпты. Арызданып барғандардың сөзін тыңдамай, «қызметтен қуамын» деп сес көрсеткен көрінеді. Осындай шыққаннан кейін бұл істі прокурорлар тексергелі жатыр. Ал компания басшысы «менікі дұрыс» деп бетбақтырмай отыр. 


Элла
Кандалова, «ПримаДистрибьюшн»ЖШС директоры:

- Мен заң бойынша әрекет етіп отырмын. Түсіруді тоқтатып, маған қарасты  аумақтан шығуларыңызды сұраймын.