Атырауда жалған лаңкес 5 жылға бас бостандығынан айырылды


«Мектепке жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабар 2014 жылы қазанда «102» нөміріне келіп түсті. Оқиға орнына келіп жеткен арнайы бөлімше қызметкерлері оқу орнынан 80 адамды көшірді. Жарылғыш зат табылмады. Көп кешікпей қоңырау шалған адам анықталды. Ол бұдан бұрын да осындай қылмысы үшін 3 жылға шартты жаза алған 51 жастағы ер адам болып шықты. Осы жолы жалған лаңкес ҚР ҚК-нің «Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабар беру» бабымен айыпты деп танылып., 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды», - деп хабарлады Г.Мұхтарова.