Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Көлік апаты 29 қаңтар күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласының маңындағы Еркінқала елдімекенінің маңында болған. Мотоцикл мен КамАз көлігі соқтығысып, оқиға орнында мотоцикл тізгіндеген жүргізуші қаза болды. Жүк көлігі блок артып келе жатқан», – делінген хабарламада.
Қазіргі сәтте осы оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.