Атырауда жасөспірім қыз атылып өлді

14 жастағы қыз үйде сақтаулы тұрған 5 оқты винчестерден өзін-өзі атып алған. Тәріп сақшыларының хабарлауынша, қару қаза тапқан қыздың әкесінің атына тіркелген екен. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл - кейінгі бір айда Атырау облысында шыққан осындай екінші оқиға. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазан айының басында Атырау облысының Құлсары қаласында 10 жасар ұл 3 жастағы қарындасын атып тастады. Тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, "Рейнджер" атты бес оқты винчестердің оғы тиіп ауыр жарақаттанған қыз ауруханада қайтыс болған.
"Әдетте мұндай қайғылы оқиғалар ересектердің салдыр-салақтығынан болады", дейді полициядағылар.