ҚР Волейбол федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, олар жас ерекшелігі бойынша үш топқа бөлініп сайысқан. Онда теміртаулықтардың мерейі үстем болды. Олар 1993-94 және 1995-96 жылдары туған құрдастары арасынан үздік шығып, Қазақстан чемпионы атанды. 193-94 жылғылар арасында 7 команданың арасынан үздік үштікке Оралдың "Спортинтернаты" мен Қостанайдың "Иволгасы" енді. 1995-96 жылғылардан 12 команданың арасынан мұндай мәртебеге "павлодарлық" және "астаналық" волейболшылар ие болды. Ал 1997-98 жылдары туғандардан 6 команданың арасынан Ақтөбе облысынан - "Арман", Орал қаласынан - "Спортинтернат" және Алматы облысынан "СДЮШОР СК ЦСКА" үздіктер қатарына ілікті.