Атырауда жемқорлық жайлы хабарлаған 4 адам 484 мың теңге сыйақы алды


«Атырау облысы бойынша Қаржы полициясы департаментіне жыл басынан бері жемқорлық қылмысының алдын алу жөнінде 57 хабарлама келіп түскен. 30 қылмыстық іс қозғалды. 4 қырағы азамат жалпы сомасы 484,6 мың теңге сыйақымен марапатталды. Қалған істер қаралып жатыр», - дейді Атырау облысы Қаржы полициясы департаментінің баспасөз қызметінен.