«Тексеру барысында қорғаншы және қамқоршы органдардың немқұрайлылығы салдарынан 62 бала үй алу есебіне тұрғызылмаған»,-деп хабарлады Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Гүлжан Сұлтанова.
Гүлжан Сұлтанованың айтуынша, прокуратураның араласуынан кейін балалардың құқықтары қалпына келтірілді. Кінәлілер жауапкершілікке тартылды.