Атырауда жоғалған бала үсіп өлген

Есік алдына ойнауға шығып кеткен баладан туыстары көз жазып қалған. Өз беттерімен іздегенімен, түк шықпай, ақыры тиісті орындарға хабарлады. Сол күні ит жетектеген баланы түзде мал іздеп жүріп көргендер бар екен. Айтуларынша, айқайлап шақырғанымен қашып кетіпті. Кейін үйге иттің өзі ғана оралған көрінеді. Ал іздеу шараларына тіпті тікұшақ та тартылған болатын. Арнайы топтар аудан маңындағы иесіз қалған қыстақтар мен ой-шұңқырларды түгел тінтіп шығыпты. Бірақ, баланың денесі бесінші күні ғана табылып отыр. Болжамдарға қарағанда, үсіп өлген.


Сәлімғали Салықбаев, Атырау облыстық ТЖД бөлім бастығы:

-Бірінші қараған көзге ешқандай жарақат алмаған. Сондықтан  оны  «салқындықтан қайтыс болған» деп есептеп отырмыз.  Қазіргі кезде анықтау жұмыстары мақсатында денесі аудандық ІІБ тапсырылды.