Атырауда жоғалып кеткен 8 жасар қыздың денесі өзеннен табылды

Атырауда 14 маусым күні жоғалып кеткен сегіз жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

«Қыздың денесі бүгін, 19 маусым күні табылды. Сүңгуірлер оны Жайық өзенінен оның тұратын кентінен бір шақырым жерден тапты», - деп хабарлады Батыс өңірлік авэромобильдік жедел-құтқару жасағы ММ су-құтқару бөлімінің бастығы Самат Қумашев.

«Баланың өлімінің себебін анықтайтын медициналық сараптама жүргізіледі», - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметі.


Еске салайық, бүлдіршін қыз 14 маусым күні таңертең үйінен «Бесікті» мектеп-интернаты жанындағы балалар лагеріне кеткен. 17.15-те ол лагерьден кетіп қалған, бірақ үйіне оралмаған. Бұл туралы полицейлерге сағат 22.20-да хабарлаған. Жоғалған баланы іздестіру жұмыстары бірден басталып кеткен.