Атырауда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз өзеннен іздестіріліп жатыр


Атырауда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз өзеннен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Қыз бала 14 маусымда таңғы уақытта "Бесікті" мектеп-интернатына барған. Ал кешкі 17.15-те ол лагерьден үйіне оралуы керек болған, алайда содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні сағат 22.20-да әйел полицияға хабар берген. Өңірлік құтқару қызметі қыз баланы өзеннен іздестіріп жатыр. Іздестіру жұмыстарына полицейлермен қатар жергілікті тұрғындар, мұғалімдер және көршілері кіріскен. Басылымның мәліметінше, болжам бойынша, қыз суға батып кеткен