Атырауда жолаушы тасымалдайтын Ан-24 ұшағы апатты жағдайда қонды

Министрлік ақпаратына сәйкес, 9-наурызда 11 сағат 57 минутта ЖСЖ/847 санды рейспен Ақтау-Атырау бағытында ұшып келе жатқан ұшақтың оң жақ қозғалтқышы істен шыққан. Әуе кемесі 12 сағат 10 минутта қонды. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Атырау әуежайының жер үсті қызметтері қажетті қауіпсіздік шараларын түгел қарастырып, өртке қарсы күрес, медициналық, шұғыл-құтқару күш-құралдары әзірлік жағдайына көшірілді.