Басқарма мәліметіне жүгінсек, жүргізушісі көлігін басқаруға шамасы келмей қалған Джип автокөлігі газ тарату құбырының жапқыш тетігін таптап өткен. Соның салдарынан көгілдір отын 15 минут бойы атмосфераға таралды. Төтенше жағдай орын алған жерге "Атырауоблгаз" ААҚ-ның апаттық тобы жетіп, ауаға шыққан газ ағынын тоқтату шараларын жүзеге асырды. Төтенше жағдай салдарынан шеккен шығынды автокөлік қожайыны төледі.