Атырауда Жұмекен Нәжімеденов пен Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіштер орнатылады


«Жұмекен Нәжімеденовке арналған ескерткіштің биіктігі  8 метр болады. Автор -  белгілі қазақстандық мүсінші Нұрлан Далбай.  Фариза Оңғарсыноваға  арналған ескерткіштің биіктігі -7 метр. Оны қоладан Мұрат Мансұров жасап жатыр.

Жұмекен Нәжімеденовке арналған ескерткіш неке қию сарайы алдында, ал Фариза Оңғарсыноваға арналған ескерткіш қала орталығында Сәтпаев даңғылында орнатылады», - деп хабарлады облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттамалар басқармасының басшысы Алтынбек Нысанғалиев.