Атырауда жұрт алданғандарын 10 жылдан соң бір білді

Дамбыдағы 500-ден астам үйге осыдан 10 жыл бұрын көгілдір отынды мұнай-газ компанияларының бірі тегін тартып берген. Іле-шала құбырдың техникалық шартын жасақтап береміз деп келген мамандарға әр үй 15 мың теңгеден ұстатқан. Бірақ, әлі күнге дейін шарт та жоқ, әрі ақшадан да айрылған халық естерін енді жиып, айқайға басуда.

Оразалы Қабдолов, Дамды ауылының тұрғыны:

- «Аймақгазбен» ортада  дау болып тұр. Бізді ақшамызды, еңбекақымызды беріп тұрып, біреудің аузына салып жібергені мазалап тұр.

Техникалық құжат болмаса, тұрғындар есептеуіш құралдарын ауыстыра алмайды. Ал апат бола қалса, күліміз көкке ұшады ма деп алаңдайды. Өйткені заңдастырылмаған газ желісін жөндеуге ешкім міндетті емес. Әкімдіктегілер де халық «өз қотырын өзі қасысын» деп отыр.

Ғалымжан Иманғалиев, Дамбы ауылдық аймағы әкімінің орынбасары:

-«Қазтрансинжинирин»г деген ба, бірдеңе деген мекемеден келді. Біз енді 10  жылдың үстіне шығып кетті.  Бізбен келісім жасаған жоқ әкімшілікпен, мен сол кезде әкім болдым. Мен ешкімнен ақша алып, беріп, жасаған жоқпын, квитанция ештеңе берген жоқпын.

Ал «Қазтрансгазаймақ» компаниясы жұртты сан соқтырып кеткен алаяқтармен еш байланысы жоқ екендіктерін айтады. Сондықтан  құбырдың техникалық құжатын жасату үшін, қараша қалталарынан тағы қаражат шығару керек дейді.


Нұртас Ерниязов, «Қазтрансгазаймақ» АҚ Атырау филиалы директорының орынбасары:

-Құжаттарды  қайтадан жөніне келтіру 17 мың теңгеден басталады. Неге десеңіз, жоба  істелінеді, опрессовкалау  жұмыстары бар. Ақша адам күші керек.

Бірақ дамбылықтар теңге түгіл, соқыр тиын да төлемейміз деп отыр.  Олар кезінде өздерін алдап кеткен мекемені тауып, қаражат соның есебінен өндірілсін дегенді айтуда. 

Loading...