Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі 27 қарашада 2 адамның өлі күйде табылғанын растады.
– Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің артындағы жылу құбырының жанынан екі адамның мүрдесі табылды. Өлі табылғанның бірі – ер адам, ал екіншісі – әйел. Ер адам 34-те, әйел 42 жаста болған. Марқұмдардың мүрдесінен жарақат анықталмады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Қазір марқұмдардың мүрдесіне сот-медициналық сараптама жүргізі басталған.