Атырау қалалық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары Асылбек Мүрсәлімовтың хабарлауынша, аттракцион жұмыс істеп тұрған кезде бір әйел мен бала карусельден құлады. Зардап шеккендер қалалық ауруханаға жеткізілген. 1999 жылы туған бала жан сақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі жағдаймен бала облыстық балалар ауруханасының хирургия бөліміне ауыстырылды.
Асылбек Мүрсәлімовтың хабарлауынша, "қазір демалыс саябағында болған оқиғаға байланысты тексеру жүргізілуде. Аттракционның қауіпсіздік техникасына сәйкестігіне қатысты техникалық сараптама тағайындалды. Қылмыстық іс қозғау, немесе, қозғамау мәселесі соның нәтижесіне қарай шешіледі".