Бұл бағдарлама 2005-жылдың 24-ақпанында қол қойылған "Атырау облысын ағымдық және келешек тоқпен қамтамасыз етудің тұрақтылығы мен сапасын арттыру саласындағы ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы "Атырау-Жарық" АҚ директорлары кеңесінің арасындағы 2005-жылға арналған меморандумның" негізінде жасалды.
Бағдарлама аясында 2008-жылға дейін Атырау Жылу электр орталығында қосымша қуат көздерін іске қосу, Атырау мен облыс аудандарын тоқ және жылумен қамтамасыз етудің қазіргі схемасын Атырау қаласының даму жоспары мен жаңадан тоқ және жылу желілерін іске қосу мүмкіндіктерін ескеру негізінде өзгерту межеленген.
Алдын-ала есеп бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға 25 млрд. теңге қажет. Әкімшіліктің хабарлауынша, қаржы жергілікті және республикалық бюджеттен, "Атырау-Жарық" АҚ мен тұтынушылар есебінен бөлінеді.
Әкімшіліктің түсініктемесіне сәйкес, қазір Атырау облысында электр жалғастыру желілері мен қосалқы станциялардың тең жартысыанн астамының техникалық ахуалы қанағаттаннарлық емес жағдайда. Атырау Жылу электр орталығындағы көптеген қазандықтар мен құбырлы агрегаттар 1960-1980-жылдар аралығында жасалған. "Атырау-Жарық" АҚ-ның электр желілерінің техникалық ахуалы күрделі жөндеуді немесе толықтай жаңалауды талап етеді.