Атыраудағы сабантой әртүрлі ұлт өкілдерінің басын қосты

Бұндай мереке Атырауда үшінші рет өткізіліп отыр. Бұл жылы ол қатарынан екі атаулы күн, облыста «Татулық» атты татар-башқұрт орталығының құрылғандығына 15 жыл және Қазақстан халқы Ассамблеясына 15 жыл толу мерекелерімен тұспа-тұс келіп отыр.

Ұйымдастырушылар мерекеге келген қауымға қызықты көңіл-күй сыйлауға тарысты. Қонақтар алдында «Татулық» орталығының хоры, «Балақай» балалар вокалының тобы өнер көрсетті. Сонымен қатар, жиналған қауымға көктемгі егістік аяқталғанда тойланатын сабантой мерекесінің тарихы, татар және башқұрт ұлттарының дәстүрі туралы әңгімелер айтылды.