Облыстық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бейсенбі күні Индер ауданының Ынтымақ ауылындағы жер үйлердің бірінен шыққан.
«Жалын үйдің жанында орналасқан екі үйді деп шарпып үлгерген. Салдарынан үш үй де есік алдындағы шаруашылық нысандарымен бірге өртеніп кетті. Сонымен қатар, қысқа дайындалған 24 тонна пішен де жанып кетті», - дейді баспасөз қызметіндегілер.
Тілсіз жау алты сағаттан кейін ғана ауыздықталды. Адам шығыны жоқ.