Мұндағы жылу құбырлары жарылып жолды су шайып кеткен. Түскі үзілісте үйлеріне асыққан кейбір жүргізушілер су ортасындағы көліктеріне жете алмады. Бұл жылу беру мекемесінің мамандарын да әбден әбігерге салды. Бірнеше арнайы техника жұмылдырылғанымен, көшеге жайылған суды жылдамдатып жою мүмкін болмады. Мамандардың айтуынша, қысқа дайындық үшін күрделі жөндеу жүргізілген құбырларға гидрологиялық сынақ жасалған екен. Ал құбырдың сапасыз бөліктері қысымға шыдамай жарылып кеткен.