Атыраудың атақты спортшылары Сириядағы соғысқа кетіп қалған

Нұрлан Мұқанов спорт шебері, грек-рим күресінен өткен жарыстардың бірнеше мәрте жеңімпазы. 2010 жылдан бастап балаларды жаттықтырумен айналысқан. Онымен бірге кеткен 19 жастағы Фархат жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресі бойынша Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері. Әзірге жергілікті құқық қорғау орындары бұл ақпарат жөнінде ештеңе айтқан жоқ. Дегенмен, облыстағы спорт секцияларында алдын алу шаралары жүргізіліп, дінге бет бұрған спортшылардың барлығы есепке алынған.


Нұржан  ЕРМҰХАНОВ, Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

-Грек-рим күресінен бапкеріміз Нұрлан деген азамат. Намаз оқығанын  көп білдірген де жоқ, өзі дұрыс жүрген сияқты. Енді қайдан білейін, спортшылар жалпы сенгіш болып келеді, физикалық түрде мықты болғанмен, рухани түрде тез сенгіш әлсіздеу. Ұлттық кауіпсіздік комитеті әрине тексеріп жатыр.