Атырау полициясы темір жол вокзалын қоршаудан босатты.
Вокзал кезекшісінің айтуынша, шұғыл қызмет орындарын әбігерге түсірген сөмкенің иесі табылды. Оның қожайыны өзбекстандық азамат болып шықты.
«Біз иесіз сөмкенің қожайыны іздестіріліп жатқанын бірнеше рет хабарладық. Ешкім жауап бермеген соң полиция шақырдық», - дейді кезекші.
Қазір Өзбекстан азаматы полицейлерге түсініктеме беріп жатыр.
Оның айтуынша, вокзалдағы дүрбелең пойыз қозғалысына кедергі келтірмеген.