Атырауға гастрольдік сапармен келетін әртістер ендігі жерде қоятын концерттерінің бағдарламасын қалалық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімімен келісуге тиіс

Өз кезегінде гастрольге келген әртістермен келісім-шатқа қол қоюшы барлық мәдениет мекемелері де бұл туралы әкімшілікті хабардар етуге тиіс. Мұндай жаңалық әртістердің концерттік мәтіндерінде қоғамқа қарсы, экстремистік сипаттағы сөздерге жол бермеу үшін өзіндік цензура түрінде енгізіліп отыр.