«Атыраулық» футболшылар черногориялық «Будучность» командасынан жеңді

Черногориялық бапкер Миодрага Радулович жаттықтыратын атыраулықтар бұл ойында 1:0 есебімен басым түсті. Қарсыластар қақпасына соғылған жалғыз доптың авторы франциялық шабуылшы Микаэль Антуан-Кюрье болды. Өткен маусымда Малайзияның «Фельда Юнайтед» командасында бақ сынаған бұл ойыншы енді Қазақстан Премьер-лигасында «Атырауда» өнер көрсетпек.

Атыраулықтар бұған дейін Белорус елінің Солигорс қаласының «Шахтеріне» 1:2, одан кейін Укрананың Полтава қаласының «Ворскла» командасына 0:1 боп ұтылған еді.