- «Из-за тебя, овца, меня и её менты твои искать не будут», «Тебя ещё твои же мусора угробят», «Убить тебя хочу, тварь!» ......
Әбденкөкала қойдай болған қыз шырылдап, маңайындағылардан полиция шақыртуды сұрап жатыр. Бірақ, осы төбелесті камераға түсіріп тұрғандар мен көшеден арлы-берлі өтіп жатқандар да, тіпті кафе қызметкерлері де «аш бәледен қаш бәле» дегендей, араша түсуге де жарамаған.
Вероника, кафе әкімшісі:
- Мына жерде басталды. Ештеңе сындырған жоқ, ешетеңе істеген жоқ, біздің оларға ешқандай кінәміз жоқ. Олардың өз шаруасы ғой.
Дәмхана қызметкерлерінің айтуынша, шаш жұлысқан құрбылар ащы судан біраз сілтепті. Қызды-қыздымен көңілді отырыс соңы қып-қызыл төбелеске ұласқан. Кейін таяқ жеген қыздың шағымы бойынша тәртіп сақшылары екі тентекті ұстады. Ғаламтор кейіпкеріне айналған қос құрбы Атырауға өзге өңірден келген көрінеді.
Гүлнәзира Мұхтарова, Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- 1984 және 1987 жылы туылған күдіктілер қазір ұсталды, жеке тұлғалары анықталды. Дәл қазіргі мезетте олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді.
Қолхатпен жіберілгенімен енді бұл екеуі қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Ал оңбай таяқ жегенқызға дәрігерлік көмек көрсетіліпті. Жарақаты қандай деңгейде екендігін анықтау мақсатында сот-медицина сараптамасы тағайындалған.