Атыраулық самбошы қыз Азия чемпионатында алтын алды

Самбошы қыз 3 жекпе-жектің үшеуінде де қарсыластарынан басым түсті. 48 кг-ға дейінгі салмақ дәрежесі бойынша финалдық кездесуде Б. Баймұратова түркменстандық балуан қызды жамбасқа салып, жеңімпаз атанды.

Қазақстандық спортшы бұл жеңісімен халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады.

Тағы бір атыраулық балуан Асланбек Әзімов жігіттер арасында күміс жүлдегер атанды.