Атыраулық шекарашылар 50 келіге жуық бекіре тұқымдас балық тапты

«Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Ганюшкино» заставасының наряды қызмет барысында «Аяпберген» ауылының маңайынан, мемлекеттік шекарадан 8 шақырым қашықтықта мұз бетінде нөмірсіз тұрған «ИЖ» мотоциклі  тапты»,-делінген хабарламада.

Мотоциклді тексеру кезінде одан бекіре тұқымдас балық салынған 2 қапшық балық шықты, салмағын өлшеп жібергенде 50 келіге жетіп жығылды.


Аталған дерек бойынша материалдарды жергілікті ішкі істер басқармасына беру көзделіп отыр.