4 жастағы Әділханкүні бойы осы керуетте отырады. Қатарластары секілді жүгіріп, ойнай да алмайды. Аяқ-қолы морт сынады. Анасының айтуынша, Әділхан осы уақытқа дейін 7 рет емдеу курсынан өтіпті. Жиып-терген қаржылары біткендіктен енді 2 ай бойы ем ала алмай отыр. Жолы мен ем-домына барлығы 700 000 теңгедей қаржы қажет. Бүлдіршінге бұдан басқа миына су жиналып, кірпігі көздің ішіне қарай өскен деген тағы екі қауіпті диагноз қойылған. Дер кезінде емдемесе, соңғысының кесірінен бала соқыр болып қалуы мүмкін.
Ләззат Өтепқалиева, Әділханның анасы:
-Сәуірден бері ем алған жоқпыз. Бала сынып жатыр. Міне бір қолы екі жерден сынып тұр. Бұл баланы қозғауға тағы қорқамыз. Демеуші таба алар емеспіз.
Отбасының телефоны : 8 775-338-12-49