Атыраулық жұмысшылар жалақыларын талап етіп, шу көтерді


Теміржан Құспанов, жұмысшы:

- Жалақыларын ала алмай, сорлап жұмыс істеп жүрген жігіттер бар. Жатақханаға кіргізбейді. Шығыңдар деп жатыр, мына 300-500 адам қайда қаңғып қалады. Отбасы бізге қарап отыр. Ақша күтіп отыр. Қарайтын бетім жоқ.

Хош иісті көмірсутек шығаратын кешен құрылысының негізгі жұмыстарын жүргізген 60-қа жуық бетоншы мен арматура тоқушылардың қолында келісім-шарттары да жоқ. Алды үш айдан бері көк тиын көрмеген. Жұмысшылардың көпшілігі Батыс және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келгендер. Орташа жалақылары – 80 мың теңген үстінде. Бұл жағдайдан облыстағы еңбек инспекциясының басшылары хабардар екен. Бірақ, олар жұмысшылар айтқандай 3 емес, 1 айдың ғана жалақысын алмаған деп отыр.