Атышулы Айжан Байзақова өзін сынағандарға жауап берді


«Маған «әке-шешеңнің сорысың» деп жазасыңдар. Бірақ өздерің солардың мойнына отырып аласыңдар. Тіпті, шетелге демалуға жіберетін жағдайларын да жоқ қой», – деп ашуланған Байзақова сөз соңын балағаттап аяқтады.

Еске салайық, Айжан Байзақова бұрыннан желіге ішімдік ішіп, темекі тартуды әдетке айналдырған. Былтырғы жылдың соңында «Zakova» түнгі клубында 50 мың теңгеге қыз шешіндіріп, басы дауға қалған. Кейін 3 күнге қамалып, көпшілік шумен көңіл көтеретін мекенін жаптыртып тастаған.