Атышулы Айжан Байзақова тұрмысқа шықпақ

Жеке өміріндегі қуанышты хабарды Айжан Instagram парақшасында хабарлады.

Сылқымға сүйіктісі романтикалық тосынсый дайындаған.
Есімі белгісіз күйеу жігіт раушан гүлімен көмкерілген алаңға: "Маған тұрмысқа шығасың ба?" – деп жазған. Бұл жерге Айжанды достары көзін байлап алып келді. Сондай-ақ Айжанның жалғыз інісі игі іске атсалысқан.

Бақытты бол, жаным. Ол "иә" деді", – деп қуанды Әлихан Байзақов.