Атышулы Айжан Байзақова тыр жалаңаш шешініп, атпен жүргенді жақсы көретінін айтты

«Мен тауды жақсы көрем, таулар мені жақсы көреді. 2012 жылы университеттің бірінші курсына түскенімде «Сұңқар» атқорасында жұмыс істеп, аттарға күтім жасауға көмектесетінбіз. Мен құрбыммен бірге адам жоқ жерге, жоғарырақ көтеріліп, тыр жалаңаш шешініп, жауынның астында атпен шауып, өмірдің рахатына батушы едік… Ол кезде бізге ішімдіктің қажеті де болмайтын. Ал қазір тыр жалаңаш, жалғыз тауға шығу қауіпті»,- деген бір сырын Айжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Еске салайық, былтыр желтоқсан айында Айжан өзіне тиесілі Zakova түнгі клубында екі қызға ақша беріп, оларды тырдай жалаңаш шешіндірген болатын. Кейін бұл сәттің видеожазбасы әлеуметтік желіге тарап, бүкіл жұрт Айжанды қатаң айыптады. Артынша ол дәл осы клубта өзі де жалаңаштанып, кейін клубты мүлдем жауып тастады.