Атышулы Байзақова отандық топтың бейнебаянына түсті

Айжан Байзақова отандық топтың бейнебаянында басты рөлді сомдады. “Алем Бэнд” тобы атышулы арудың арқасында көп қаралым жинауды көздеген деп сыналды, деп хабарлайды Stan.kz.

Күні кеше “Гәкку” арнасының YouTube-тегі ресми парақшасына жүктелген “Қалауым” бейнебаянын бір күн ішінде 135 мыңдай адам тамашалап үлгерген. Сондай-ақ, аталған туынды аз уақыттың ішінде желідегі “трендті” видеолар қатарына енді. Мұның бәрі Айжан Байзақованың арқасы, дейді тыңдармандар.


Айтпақшы, аталған әнбаянды атышулы Баян Мақсатқызы өзінің Instagram парақшасында жарнамалап, сынға қалды. 

 

Бұдан өзге, желі оқырмандарының пікірінше, топ атын шығару үшін ән атауын еліміздегі атышулы “Қалаулым” бағдарламасына ұқсатқан.