Бесобадағы 7-ші үй жермен жексен болғанда, сол жердегі қалған үйлердің барлығы да апатты деп танылған. Олар сүріліп, орнына Шапағат тұрғынүй кешені бой көтерді. Салынып біткен жағына тұрғындардың көбі қоныстанғанымен, 50 шақты отбасының кезегі таяғанда құрылыс тоқтаған. Шенеуніктер бюджет бөлген 2 миллиард теңгенің таусылғанын айтып ауыздарын қу шөппен сүртіп отыр. Алғашында артығымен жетеді деп есептелген соманың қайда кеткенін өздері де түсіне алар емес. Енді құрылыс бюджеттен тағы қаражат бөлінсе ғана жалғаспақ. Ал пәтерлерінің ақшасын төлегенімен баспанасыз босып жүрген тұрғындар Үкіметке үмітпен қарайды.
Айнаш Қожықова, Қарағанды қаласының тұрғыны:
-Қайыр қылсаң бүтін қыл деген ғой қазақ. Жарты ақшасын беріп үйді салды. Енді қалған жартысын беріп құрлысты бітіріп берсе екен. Қалған жартысын бітіруге Үкімет ақша берсе екен. Негізі біз үйді бітпей алып едік. Сөйтіп берсе де аллаға шүкір дер едік.
Loading...