Атышулы Дәурен мен Ақбота екінші сәбилерін күтіп жүр

Бұл туралы "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.

"Ревю" бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берген Айдарқұлов пен Сейітмағамбет екінші сәбилерін күтіп жүргендерін жеткізді. Бірақ күні бүгінге дейін жұрттан сүйінші сұрауға асықпаған жұптың жүктілікті жасырудағы өзіндік себебі де бар көрінеді.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Баламыз болады енді бұйырса. Бірақ тіл-көзге сенетін қазақпыз ғой. Тіл-көзден аман болу үшін барынша жасырынамыз. Бірінші ұлыма аяғым ауыр болған кезде ауыр сөздер жазғандар болатын. Жүкті кезде баламды жоғалтып ала жаздадым да. Сондықтан да қазірде қорқамыз.

Бүгінде бұл жұптың ортақ некесінен Ибраһим есімді мұрагер өсіп келеді. Ал, Айдарқұловтың алғашқы отбасында қос қызы мен ізбасары бар. Десек те Дәурен ел демографиясына өлшеусіз үлес қосуды басты парызының бірі санайды.

Дәурен Айдарқұлов, Ақбота Сейітмағамбет:

-Жетеу деп айтқанмын өзімнің ниетімді. Ал ары қарай Алланың қалауымен. Негізі 5 бала. Бірақ Алланың бұйыртқаны болады. Қазір енді 4 бала ғой. Қазір төртеу жеткілікті.


Ай-күні жақындаса да, Ақбота Сейітмағамбет декреттік демалысқа асығар емес.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

-Негізі өнер адамдарында декреттік өмір деген жоқ. Көбінесе жүкті кезінде де, босанса да таңнан кешке дейін сол түсірілім алаңында жүреді. Барлығымыз сондаймыз. Менде енді декреттік өмір айтарлықтай жоқ. Босанатын кезде бір апта ғана демалмасам!

Дәурен Айдарқұлов, актер:

-Ақбота да шығармашылық адамы болғаннан кейін, үйде бірге ақылдасамыз. Осындай түсірілімді қалай түсірген дұрыс деп. Сол себепті Ақботаның декрет кезінде де түсірілімге қатысуы өте жиі болып тұрады.

Сүйінші хабардың ауылы да алыс емес! Жаңа жылда Айдарқұловтар шаңырағы сәбидің іңгәләған даусына бөленеді.