Із-түссіз кеткен - Анатолий Натаров. 2010 жылдан бері Ащыбұлақтағы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жеткіншектің бұл жалғыз суреті. Әке-шешесінен айырылып, игумен Сафронийдің қолына келген бала кезекті жалжандан соң туыстарының үйіне кеттім деп содан қайтып оралмапты. Ал балалар үйінің басшысы оны тиісті орындарға хабарламаған.
6 ай бойы хабарсыз кеткен жеткіншек жайлы оның тәрбиешілері де полицияға хабарлауға асықпаған. Айтуларынша, ауырып жатыр деген соң діндарға сеніпті. Былықтың беті ауданнан кезекті тексеріп басырында әшкереленіп отыр.
Ғалия Дүйсембаева, Іле аудандық білім бөлімінің қызметкері:
– Білім бөлімі ұйымдастырған тексеріс барысында Натаровтың сабаққа келмегендігі анықталды. Содан соң ғана балалар үйіне ресми түрде хат жолданды. Ол уақытқа дейін түрлі себептер айтылып, баланың дәріске қатысуға денсаулық жағдайы мүмкіндік берілмейтінді айтылған еді.
Полицейлер Анатолий Алматы облысының аумағында болуы мүмкін деген болжам ғана жасап отыр. Ал бұл жайтты жасырған тәрбиешілер мен өз міндетіне салғырт қараған ұстаздардың ісі жеке қаралмақ. Қазірше қылмыстық іс қозғалып, жеткіншекті іздестіру шаралары жүргізілуде.
Азат Егенов, Іле аудандық ІІБ тергеу бөлімінің бастығы:
- Қылмыстық іс қозғадық, хабар-ошарсыз кету дерегі бойынша. Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Натаров өзінің достарымен интернет арқылы хабарласқан екен. Бірақ қайда екендігін айтпайды.
Айта кетейік, бұл Сафронийге қатысты алғашқы келеңсіз жайт емес. Көктемде ғана діндар асыранды балаларын ұрады деп айыпталып, кейін тіпті отаны Ресейге депортацияланбақ болған. Бірақ істің арты жылы жабылған-ды.
Анатолий Натаровтың жоғалғандығын жарты жылға жуық жасырып келген балалар үйінің басшылығы жауапқа тартылмақ. Ал ол оқитын мектеп директоры мен ұстаздарға қатысты қызметтік тексеріс тағайындалыпты. Себебі оқушы сабаққа келмесе де оған жүйелі түрде орыс әдебиеті және дене шынықтыру пәндері бойынша бағаның қойылып келгендігі анықталып отыр. Ал 15 жасар Анатолийдың осы күнге дейін қайда екендігі белгісіз.