Бұл – сенбі күні Гагарин көшесінің бойында болған апат. Мерседес пен Тойота бетпе бет соғылды. Бұл жолы да қарсы бағытпен жүйткіген қымбат көлік тізгінінде дөкейдің баласы. Анау-мынау емес, атышулы Мақсат Үсенов. Ал жапа шеккен келіншек бірден ауруханаға жеткізілген.
Мақсат Үсенов тағы мас болған деген ақпарат бар. Өйткені 24 жастағы жігіт әдеттегідей медицияналық сараптамадан өтуден бас тарқан. Сол үшін сот Үсеновты 20 тәулікке қамап тастапты.
Арман Тұрғынбаев, судья:
- Неге өтпегенін өзі айтпады. Өтпегені үшін ҚР әкімшілік кодекісінің 71 бабының тармағы бойынша тек 20 күнге қамалуға шара қолдандым.
Жол апатына жиі түсіп әбден қулықты үйреніп алса керек, Үсенов бұл жолы жолаушы орындығына отырып алып, бет бақтырмапты. Бай баласының құжатсыз көлік тізгіндегені тағы бар. Өйткені былтыр ғана куәлігінен 2 жылға айырылған болатын. Ол кезде қымбат БМВ-сымен 6 адамды қағып, біреуін жазым қылған.
Жохар Өтебаев, қоғамдық белсенді:
- Үсеновтың мына жағдайы біздің заңның әлсіз екенін тағы бір мәрте көрсетті. Сондықтан бір қылмысты екінші рет қайталаған адам 3 жылға дейін сотталуы керек. Әйтпесе, 20 күн деген не?! Оны Үсенов жаза деп отырған жоқ.
Бұл бастаманы халық қалаулыларының арасын да да қолдап жатқандары бар.
Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты:
- Оларға қатысты жазаны күшейту үшін депутаттар қазір сөйлесіп жатыр.Қандай шешім қабылданады оны енді өмір көрсетеді.
Рамазан Сәрпеков, Мәжіліс депутаты:
- Біріншіден куәліксіз көлік айдап жүргенінің өзі заңды бұзғандығы. Оның үстіне бұл көлікті куәліксіз, оның сыртында мас күйінде жүргізетін болса, қылмыстық дәрежеге дейін көтерілуі мүмкін.
Әзірге тайрандаған қалталы жігіттің ісі Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің қарауында жатыр. Істің тағы сол келісіммен бітетін түрі бар. Өйткені зардап шеккен тарап әлі азыр түсірмеген көрінеді.
-Жалпы бұл Мақсат Үсеновтың небәрі 2 жыл ішінде 3-ші мәрте сот алдына келуі. Алғаш «Рorsche cayenne»-мен жол апатын жасаса, екіншісінде 6 адамды қымбат БМВ-мен қаққан. Енді, міне араға жылға жуық уақыт салып, «Мерседесін» талқандап отыр. Бәрінен де сотқар баланың қорлығы әкесі өткені анық. Себебі бұған дейінгі шудан «Экспо-2017» Ұлттық компаниясының департамент бастығы Қажымұрат Үсенов отставкаға кетуге мәжбүр болған.