Атышулы Мұрат Әбділдә бостандыққа шығады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы заңгер Молдахан Әділетхан әлеуметтік желідегі парақшасында айтты

Оның сөзіне қарағанда, сот қаулысы 15 күннің ішінде күшіне енеді.

Еске салсақ, атышулы Әбділдә Шымкенттегі 167/3 жалпы режиміндегі колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол Instagram-дағы бейнежазбалары арқылы «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздырғаны үшін» 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.