Атышулы Нұрлан Сабуровтың үстінен Бас Прокуратурға тағы да шағым келіп түсті

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазды. Марат Тұрымбетов комиктің былтыр “Вагнер” жауынгерлеріне 10 мотоцикл және 2 миллион рубль жіберіп, көмектескені жайлы ақпараттан кейін Украинадағы соғысты қаржыландыру дерегін тексеруді талап етіп отыр.

“Құзырлы органдар анық-қанығын ашып береді деп ойлаймын. Егер бұл жалған жала болып шықса, ҚР заңына сәйкес жауапкершілік көтеруге дайынмын. ҚР Бас прокуратурасының жауабын күтеміз”, – деп жазды ол.

Марат Тұрымбетов Сабыровтың әрекеті Қылмыстық кодекстің 170-бабы (“Жалдамалылық”) бойынша қарастырылуы мүмкін екенін айтады.