Caravan Logo

Атышулы "Қалаулым сен" жобасының тағы бір жұбы карантин кезінде неке қиды

Атышулы "Қалаулым сен" жобасының тағы бір жұбы карантин кезінде неке қиды

"Қалаулым сен" жобасында танысқан Өркен Бақытбек пен Наргиз Әбдіғаппар ұзаққа созбай некелесуді жөн санапты. 

Бұл туралы олар Instagram-да жазады, деп хабарлады Carava.kz медиа-порталы.  

Ресмеи түрде ерлі-зайыпты атандық! Некемізді қидық


Шүкір. Екі жақтың үлкендерінің батасын алып, осы қадамды Қасиетті айда әрі күндердің сұлтаны жұмада іске асыруды ұйғардым. Той жазда Алла қаласа, деп жазды олар.