Атышулы рэпэр Say Mo енесінің кесірінен ажырасатынын мәлім етті

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Екі ай бұрын қалың көрермен алдында ұсыныс жасап, соңынан некелерін қиған актер Шәріп пен Say Mo-ның тойы болмайтын сияқты.

Өйткені келіншегі Say Mo өзінің инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына:

"Мына өтірікші әйел маған тыныштық берер емес. Сіздер дұрыс айтыпсыздар, сіздердікі шындық екен. Менің анама күндіз-түні қоңырау шалып, инстаграмыма қатысты неше түрлі сөздер айтады. Жұрттың сөзімен өмір сүретін адамнан өзімді алшақтатқаным дұрыс болар. Біз Шако екеуіміз бір-бірімізді қатты сүйсекте мен ажырасуға арыз беремін", - деп жаға ұстатарлық жазба жариялады.


Қазір қос ғашық әлеуметтік желідегі бірге түскен суреттерін жойып, бір-бірін оқымайтын болған. 

Say Mo қазір өз ата-анасының үйінде жүр. Ал Шәріп бұл жағдай туралы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.