Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Соңғы кездері хотуным Индира мені ерекше жақсы көріп, айтқанымды екі етпей орындап, себепсіз сезім білдіруді шығарды. Барған сайын, мен де ерке болып бара жатқанымды байқадым.
"Мәәә, мынаған не болған" деп күмәнданып қоямын. Базар жоқ, келіншегің күлімдеп, күн сайын түрлі сыйлық жасап тұрса рахат екен. Десе де, әлдене дұрыс емес дегенсің ғой. Ақырындап, адал аруымды әңгімеге тарттым. "Еу, көке! саған не болды десем, әйелім солқылдап жылап жіберді. Сөөөөйййтсемм жақында бір бақсысымақ тәтеміз әйеліме бал ашқан екен. Сондағы айтқаны: "күйеуің өзіңнен бұрын көп ұзамай қайтыс болады" депті. Еее бәәсее, бұл неменеге алдымда зыр айналып, дарбалақтап жүр десееем, хотуным мені "соңғы сапарға" дайындап жүрген көрінеді. Әййй ат дущіи ұрысқансың ғой. Мұндай "сандалған әңгімені" жүрекке жақын қабылдамасам де, естен шықпай жүр. Қазір іштей "құрсын, абайсызда өліп кетпейін" деп жан-жағыма қарап жүретін болдым. Но, қатынымның алдында корольсің ғой. Енді отырмын балгерге рахмет деймін бе, балағаттайын ба деп", - деп жазды өзі.
Желі қолданушыларының бірі күлкіге қарық болды. Бірі балгерлердің болжамы болмашы дүние екенін айтты. Енді бірі әншінің өміріне алаңдаушылық білдіріп жатты.
"Балгерге бару да, оған сену де күнә. Адамның өмірін Алладан басқа ешкім білмейді. Балгерлер жын-шайтанмен байланыстағы адамдар", "Жасыңыз ұзақ болсын", - деп жазды олар.